Музей инсайттары: Чейз Робинсон, Смитсон институтының Ұлттық Азия өнері музейі (Smithsonian’s National Museum of Asian Art)

2026 ж. 18 мамыр
Art event in Almaty.
Баршаңызды Чейз Ф. Робинсонның Almaty Museum of Arts алаңында өткізетін кездесуіне шақырамыз. Ол - мәдени дипломатия мен музей ісінің жетекші өкілдерінің бірі.
Баршаңызды Чейз Ф. Робинсонның Almaty Museum of Arts алаңында өткізетін кездесуіне шақырамыз. Ол - мәдени дипломатия мен музей ісінің жетекші өкілдерінің бірі. Робинсон Smithsonian’s National Museum of Asian Art музейіне жетекшілігімен музейдің халықаралық серіктестері көбейіп, жаһандық ынтымақтастығы нығайды, сондай-ақ, топтамалар ауқымы да айтарлықтай ұлғайды.
Чейз Ф.Робинсон National Museum of Asian Art-тың тарихынан сыр шертіп, болашаққа қойған мақсаттарын бөліседі, Орталық Азия жәдігерлерінің қазір не алдағы уақытта аталған музей қорына ену мүмкіндігін де талдайды, Smithsonian Institution мен Қазақстан арасында мәдени серіктестік орнату жайын да ортаға салады.
Осы кездесуге өнер, мәдени мұра және халықаралық ынтымақтастық сынды тақырыптарға қызығушылық танытатын суретшілер, музей мамандары, зерттеушілер, студенттер, мәдени ұйым өкілдері мен музейіміздің барша қонақтарын шақырамыз.
Чейз Ф. Робинсон – 2018 жылдан бері Smithsonian’s National Museum of Asian Art музейінің директоры қызметін атқарып келе жатқан маман, ислам тарихы мен мәдениетін зерттеуші, сондай-ақ мәдени дипломатия мен музейдегі инновациялар саласындағы жетекші тұлғалардың бірі. Ол жетекшілік еткен жылдары музей топтамасы толығып, келушілермен байланыс нығайды, халықаралық серіктестіктері де көбейді. Сондай-ақ мәдени мұраны қорғау мен жәдігерлердің шығу тегін зерттеу бағытындағы жаһандық бастамалардың іске асуына ықпал етті. Бұған дейін Робинсон Нью-Йорк қалалық университеті жанындағы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының президенті және академиялық мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқарған, Оксфорд университетінде ерте ислам тарихы бойынша профессор болған. Ол ислам өркениеті жөніндегі көптеген ықпалды еңбектердің авторы әрі редакторы, соның ішінде «Ислам өркениетін отыз тұлға тағдыры арқылы тану: алғашқы мыңжылдық» кітабының авторы. Робинсон Браун университеттінде бакалавр дәрежесін, ал Харвард университетінде докторлық дәрежесін алған.
Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздігіне 250 жыл толуына орай Робинсон АҚШ-тың мәдени дипломатиясы және Қазақстан мен АҚШ арасындағы өнер мен мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық туралы сөз қозғайды.
Іс-шара ағылшын тілінде өтеді. Мына сілтеме арқылы тіркеліп, дәрісті тегін тыңдай аласыз.
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024

