Танымдық дәріс: Билл Виола - видеоарт пионері (орыс тілінде)

Дәріс
2025 ж. 18 желтоқсан
Art event in Almaty.
Өнертанушы Юлия Сорокинаның (PhD) дәрісіне шақырамыз. Дәріс видеоарт тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірі - Билл Виолаға арналады. Дәріс барысында оның шығармашылығындағы негізгі тақырыптар, сондай-ақ иммерсивті бейнеинсталляцияларының жасалу тарихы қарастырылады. Олардың қатарында музей коллекциясындағы «Тұрақтар» атты бес арналы бейне және дыбыстық инсталляция да бар. Дәріс орыс тілінде, Әль-Фараби залында өтеді.
Almaty Museum of Arts өз коллекциясында жұмыстары ұсынылған суретшілертуралы дәрістер циклін жалғастырады. Осы цикл аясында америкалық суретші, видеоарт тарихындағы ең маңызды тұлғалардың бірі Билл Виолаға арналған дәріс өтеді.
Виоланың көркемдік тәжірибесінің өзегінде өмір мен өлім, сана және адам тәжірибесінің рухани өлшемдері туралы толғаныс жатыр. Оның шығармашылығы философия, діни мәтіндер мен поэзия тоғысында қалыптасып, видео сезімдерді баяу кешуге мүмкіндік беретін кеңістікке айналады.
Мұражай коллекциясында Билл Виоланың «Бекеттер» инсталляциясы ұсынылған. Бұл еңбекте суретші жанның сапары, тән мен рухтың арасындағы күй туралы ой толғайды. Матадан жасалған бес тік экранда баяу ырғақпен суға құлдилап, одан қайта көтеріліп жатқан адам бейнелері көрсетіледі, құдды күнделікті өмір ағысынан үзіліп қалғандай әсер қалдырады.
Оның туындыларында табиғи стихиялар, әсіресе су мен от, ішкі терең трансформацияның символы ретінде айрықша рөл атқарады. Бейнелер едендегі қара гранит тақталарға шағылысып, XIII ғасырда өмір сүрген сопы мистик Жалаладдин Румидің поэзиясымен үнқатысады. Руми үшін су рухани жаңарудың белгісі болса, «Бекеттер» жұмысында ол қабылдау мен қайта жаңғырудың метафорасына айналады.
Сіздерді Билл Виоланың шығармашылығындағы негізгі тақырыптар мен иммерсивті видеоинсталляцияларының жасалу тарихын талқылайтын дәріске шақырамыз.
Тағыда
Даланың үнсіз айқайы: Карлаг пейзаждары
14 шілде, 2026
19:00


Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы
31 шілде, 2026
19:00

