Өнер нұрындағы: Мақым Қисамединов

2026 ж. 19 шілде
Art event in Almaty.
Almaty Museum of Arts 19 шілде күнін ХХ ғасырдағы қазақ өнерінің елеулі тұлғаларының бірі, график-суретші Мақым Қисамединовке арнағалы отыр.
Almaty Museum of Arts 19 шілде күнін XX ғасырдағы Қазақстан өнерінің бағыт-бағдарын айқындаған суретшілердің бірі һәм қазақтың алпысыншы жылдар буынының көрнекті өкілі Мақым Қисамединовке арнайды.
Мақым Қисамединовтің шығармашылық жолы Хрущев жылымығы кезеңімен тұспа-тұс келді. Сол тұста қалыптасқан қазақтың алпысыншы жылдар буынына жататын суретшілер, жазушылар мен зиялылар ұлттық мәдениет пен тарихты ұлттық мұра, әдебиет және тарихи жадқа сүйене отырып, қайта ой елегінен өткізуге ұмтылды. Мақым Қисамединов те өз шығармашылығында модернизмнің бейнелеу тілін көшпелі мәдениет пен ұлттық тарихтың бейнелерімен ұштастырып, Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналған туындылар дүниеге әкелді. Кеңестік кезеңнің шектеулеріне қарамастан, ол ресми өнерде сирек көрініс тапқан тақырыптарға батыл қалам тартып, өз шығармашылық еркіндігі мен суреткерлік ұстанымына адал болып қалды.
«Өнер нұрында» іс-шаралар топтамасы дәрістер, пікірталастар, экскурсиялар және отбасылық арт-белсенділіктер арқылы Мақым Қисамединовтің шығармашылығы мен мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Бағдарлама үш ай сайын өткізіліп, музей қорындағы бір суретшінің шығармашылығына арналады. Әр шығарылым сол суретшінің өнерін өз дәуірімен және мәдени ортасымен сабақтастыра таныстырады.
Музейге кіру билеті болған жағдайда панельдік пікірталас пен экскурсияға тегін қатыса аласыз.
Бағдарлама
13:00–14:30 және 15:00–16:30 | Şeberhana
Уоркшоп: Леонид Ханмен бірге линогравюра жасау
Мақым Қисамединовтің шығармашылығынан шабыт ала отырып, жасөспірімдер (12+) мен ересектерге арнап жасалған арт-белсенділік. Уоркшоп туралы толық ақпаратты осы жерден біле аласыз.
12:00–13:00 | «Мақым Қисамединов: Суретші мен дәуір»
Іс-шара орыс тілінде өтеді.
Өнертанушы Камилла Ли мен зерттеуші Ален Ли Мақым Қисамединовтің өмірі, шығармашылығы және көркем мұрасының маңызы туралы әңгіме құрады.
Қатысушылар Қисамединовтің қазақтың алпысыншы жылдар буыны суретшілері арасындағы орны, ұлттық бейнелеу өнері мектебінің дамуына қосқан үлесі және оның мұрасының бүгінгі өзектілігі хақында пікір алмасады.
13:00–14:00 | «Қонақтар» көрмесіне экскурсия
Іс-шара орыс тілінде өтеді.
Мақым Қисамединов пен Almaty Museum of Arts коллекциясындағы алпысыншы жылдар буынына жататын өзге суретшілердің «Қонақтар» көрмесінде ұсынылған туындыларына өнертанушы Камилла Ли жүргізетін экскурсия.
17:00-18:00 | Графика мен поэзия тоғысқанда: Гете, Махамбет және Қисамединов
Талқы қазақ тілінде өтеді.
Жазушы, аудармашы Сафина Ақтай және ақын, режиссер Тілек Ырысбектің қатысуымен өтетін бұл пікірталас Гете мен Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына, олардың туындыларының Қисамединов графикасымен үндестігіне, поэзиядағы азаматтық ұстанымға, сонымен қатар шет тілден жасалатын аударманың мәдениеттер арасындағы маңызды құралы ретіндегі рөліне арналады. Сондай-ақ Қисамединовтің графикалық туындылары аясында әдебиет пен бейнелеу өнерінің арасындағы байланысты зерттейді.
Күні бойы
- Суретшінің архивте жатқан фотосуреттерінен құралған слайд-шоу.
- Мақым Қисамединов шығармашылығынан шабыт ала отырып, балалар (5+) мен ересектерге арнап жасалған активити-зиндер. Олар музейге келушілерге суретшінің туындыларымен өз бетінше танысуға мүмкіндік береді.
Тағыда
Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы
31 шілде, 2026
19:00


«Өнер әуендері» жобасы аясындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жас музыканттарының концерті
Концерт
25 шілде, 2026
16:30

