top of page
Aşyq Şeberhana: Ойлы-қырлы ашықхаттар зертханасы
“Еркін форматтағы (drop-in) арт белсенділік”
20 мен 27 желтоқсан, 2025

Aşyq Şeberhana: Ойлы-қырлы ашықхаттар зертханасы

Discover more
as a member
20 мен 27 желтоқсан
12:00-15:00 аралығындағы кез келген уақытта
барлық жасқа арналған
Art Street бойында
Сүйінші! Желтоқсанның соңғы күндерінде біздің мұражайда Ойлы-қырлы ашықхаттар зертханасы ашылады. Суретші Жанар Берекетовамен бірге сүйікті жандарың үшін сан алуан пішінді жаңажылдық ашықхаттар жаса!
- Мұражайға кіру билеті болған жағдайда бұл арт белсенділікке қатысу тегін және ширеттегі реттілік бойынша жүзеге асады.
—
#AşyqŞeberhana: Ашық Шеберхана – біздің еркін форматтағы (drop-in) арт белсенділігіміз. Бұл белсенділікке қатысуға ешқандай жас шектеуі жоқ және (тіпті әсіресе!) шығармашылыққа енді ден қойғандар да келе алады.