Almaty Museum of Arts мұражайының құрылуы туралы деректі фильмнің көрсетілімі: "Қиылыстағы мұражай".

2026 ж. 16 қаңтар
Art event in Almaty.
Almaty Museum of Arts қалай дүниеге келді?
Бәрі неден басталды: ішкі түйсіктен бе, әлде жеке шешімнен бе? Ал сол бастапқы ой қалайша бүгінде әлемнің мәдени картасында жаңа нүстеге айналып, мыңдаған адам ағылатын музейге ұласты?
«Қиылыстағы мұражай» – Almaty Museum of Arts мұражайының қалыптасу тарихы туралы деректі фильм. Бұл туынды мегаполистың дәл ортасында бой көтерген жаңа музей архитектуралық концепциясы мен құрылыс үдерісі ғана емес, сонымен бірге мұражайдың негізін қалаушы Нұрлан мен Мадина Смағұловтардың ХХ ғасырдағы қазақ өнерін қамтитын жеке жинағына сүйене отырып қалыптасқан коллекцияның тарихынан сыр шертеді.
Фильм сондай-ақ идеяның тууы мен ізденістен бастап, көпсатылы логистика мен шебер кураторлық шешімдерге дейінгі үдерісті, яғни, өнер туындыларының күрделі әрі көбіне көзге көрінбейтін жолынан хабардар етеді. Кадрда Яёи Кусама, Билл Виола, Ричард Серра, Ансельм Кифер, Жауме Пленса, Йинка Шонибаре және Алисия Кваденің еңбектері көрсетіледі. Бұл фильм мұражайдың дәл осы жерде орналасуы неліктен маңызды екендігі; кеңістіктің өнермен қалай «жұмыс істейтіні»; және онымен жүздесу адамның қабылдауын қалай өзгерте алатынын баяндайды.
«Қиылыстағы мұражай» – мұражай мен оның топтамасы туралы қос деректі фильмнің алғашқысы. 2026 жылдың көктемінде Смағұловтар коллекциясындағы қазақстандық суретшілерге арналған екінші фильм жарыққа шығады.
Сіздерді алғашқы фильмнің көрсетіліміне мұражайды ішінен көріп, оның қалай құрылғанын түсініп, арманның шындыққа айналар сәтін сезінуге шақырамыз.
Алатау залында кино көрсетілімі тегін, тек мұражайға кіру билеті қажет.
Тағыда
Даланың үнсіз айқайы: Карлаг пейзаждары
14 шілде, 2026
19:00


Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы
31 шілде, 2026
19:00

