Қандас хикаялары: Тілек Ырысбектің деректі фильмдері
Іс-шара қазақ тілінде өтеді. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.
15:00 - 16:30
.jpeg)
Фильм көрсетілімі
2026 ж. 8 қараша
Art event in Almaty.
Тілек Ырысбектің атажұртқа оралған этникалық қазақтардың, яғни қандастардың өмірінің қыр-сырын ашатын қос деректі фильмінің көрсетіліміне шақырамыз.
2026 ж. 8 қараша
Дата для разметки
«Тұрсынхан апайдың шеберханасы» (2026, 19 мин.) деректі фильмі Қытайдан Қазақстанға қоныс аударып, қажырлы еңбегі мен табандылығының арқасында өз кәсібін дөңгелеткен Тұрсынхан апайдың өмірінен сыр шертеді. Ақши ауылындағы шағын шеберханасында ол аяқкиімді қолдан тігіп, маңдай терімен тапқан нәпәқасымен күнелтеді. Фильм кейіпкердің күнделікті өмірі мен еңбегін, өз қолымен өрген өмір жолын баяндай отырып, оның әлеміне жақыннан үңілуге мүмкіндік береді.
«Аспаз қандастың арманы» (2026, 15 мин.) деректі фильмі екі жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударып, азаматтық алған Аңсар Қожанұлының өмірі мен арманын баяндайды. Бүгінде ол отбасымен бірге Алматы облысындағы Бәйдібек би ауылында тұрады. Оның арманы – Алматы қаласында өз кафесін ашу. Фильм Аңсардың аспаздық өнері мен алға қойған мақсатын ғана емес, өңірдегі Шыңжаң асханасы мәнеріндегі кафелердің күнделікті тіршілігін де бейнелейді.
Көрсетілім фильмдердің режиссері әрі ақын Тілек Ырысбек пен жазушы, аудармашы Сафина Ақтайдың кіріспе сөзімен ашылады. Олар фильмдерді таныстырып, туындылардың негізгі тақырыптарына тоқталады. Фильмдер көрсетілімінен кейін көрерменмен бірге медиада бейнелеу этикасы, деректі кино түсіру тәжірибесі және осыған қатысты өзге де мәселелер талқыланады. Сұрақ-жауап бөлімі кездесудің нүстесін қояды.
Спикерлер: Белла Қасымқызы, Елдес Орда, Тілек Ырысбек
Модераторы: Сафина Ақтай
Тілек Ырысбек – Шыңжаңның Іле Қазақ автономиялық облысы, Мұңғұлкүре ауданы, Түргенбұлақ ауылында дүниеге келген режиссер және ақын. Оның шығармашылығында көші-қон тәжірибесіне ие адамдардың тағдыры мен субалтерн топтардың әлеуметтік мәселелері негізгі тақырып ретінде көрініс табады. Ол «Шыңжаңдық адам», «Дина және дачаның балалары», «Кандидат», «Мақпал», «Тұрсынхан апа», «Аспаз қандастың арманы» деректі фильмдерінің және «Жағада тұрдың сен» қысқаметр фильмінің режиссері. Оның өлеңдері «Тамыр», «Дактиль», Sygma және Áńgime журналдарында жарық көрген. Ол сонымен қатар жазушы Сафина Ақтаймен бірге бейотар ғалым, Лиңчөпиң университеті профессоры Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын қазақ тіліне аударған.
Сафина Ақтай – жазушы, аудармашы. 1996 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі, әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Философия және этика» мамандығының магистранты. Шығармалары ағылшын, орыс, түрік тілдеріне аударылып, «Дауыс» антологиясында, «Angime», «Дактиль» және т.б басылымдарда жарық көрген. «Friedrich Shegirtke» жобасының авторы. 2025 жылы жазушының «Burger King-тегі Элвис Пресли» атты тұңғыш әңгімелер жинағы, сондай-ақ «Ганин» атты романы жарық көрді. Ол 2023 жылы «Целинный» заманауи мәдениет орталығының қолдауымен жарық көрген ғалым Мадина Тлостанованың «Болмыс, білім және түйсік отарсыздығы» кітабын қазақ тіліне аударған.
Белла Қасымқызы – журналист, сценарист және Erkin adamdar жобасының негізін салушылардың бірі. Erkin adamdar қазақ тілді сарапшылар арасында ынтымақтастықтың дамуына ықпал етіп, қазақ тілінде жұмыс істейтін кәсіби мамандардың мойындалуына жол ашып, жергілікті қауымдастықтардың қатысуына негізделген жобаларға қолдау білдіреді. Белла сондай-ақ өзінің азаматтық белсенділігімен және әлеуметтік бастамаларды ұйымдастыру қызметімен танымал. Атап айтқанда, Қаңтар оқиғасында қаза тапқан отбасыларды қолдауды мақсат тұтқан MausymArt шарасын ұйымдастырушы. Журналистік және қоғамдық қызметінде Белла Қазақстанның әлеуметтік және саяси мәселелеріне айрықша назар аударады.
Елдес Орда – 1989 жылы ҚХР ШҰАР Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 2007 ж. Шәуешек қ-сы №2-орта мектепті бітірген. 2012 ж. Бейжің Орталық Ұлттар университетінде бакалавр; 2019 ж. Неджметтин Эрбакан университетінде магистратура бітірген. Қазір әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD докторанты. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері.
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024








