Музей инсайттары: Николь Доуд
Мәдениетті бірлесе қалыптастыру: музейлер өзара байланыс пен диалог кеңістігі ретінде
Смитсон институтының Азия өнері ұлттық музейі
Кездесу ағылшын тілінде өтеді. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.

2026 ж. 31 қазан
Art event in Almaty.
Смитсон институтының Азия өнері ұлттық музейіндегі экспозицияларды түсіндіру, білім беру және көпшілікке арналған бағдарламалар бағыты бойынша директордың орынбасары Николь Доуд музейлердің мәдени мұраны дәріптеу, қауымдастықтармен серіктестік орнату және мазмұнды диалог өрбіту арқылы адамдар арасында қалай нығыз байланыс орнататыны хақында баяндайды. Көпшілікке арналған бағдарламалар, мәдени мұра фестивальдері, білім беру бастамалары мен экспозицияларды түсіндірудің жаңа тәсілдерінен алынған мысалдар негізінде баяндамада музейдің мәдени мұра қауымдастықтарымен, суретшілермен, мәдениет қайраткерлерімен және жергілікті ұйымдармен ынтымақтастығы сөз болады. Бұл ынтымақтастық ортақ білім мен тәжірибеге негізделген, қоғамның сұранысына сай әрі баршаға қолжетімді мәдени іс-шаралар мен мазмұнды тәжірибелерді қалыптастыруға бағытталған.
2026 ж. 31 қазан
Дата для разметки
Қатысушылар қауымдастық серіктестерімен бірлесе отырып, жаңа бастамалар мен фестивальдерді ұйымдастыру үдерісімен танысып, музейлердің мәдени алмасу мен өзара байланыс орнатуға қолайлы, баршаға ашық кеңістік ретіндегі рөлін зерделейді. Баяндамада музейдің көпшілікпен өзара байланыс орнату қызметі адамдардың қызығушылығын оятып, өзара түсіністікті нығайтуға және мәдениетаралық диалогқа жол ашуға қалай ықпал ететіні қарастырылады. Бұл көрермендердің Азия мен оның диаспораларындағы сан алуан өнерді, мәдениеттерді және өмірлік тәжірибелерді тереңірек танып, түсінуіне мүмкіндік береді.
Николь Доуд – Смитсон институтының Азия өнері ұлттық музейіндегі экспозицияларды түсіндіру, білім беру және көпшілікке арналған бағдарламалар бағыты бойынша директордың орынбасары. Ол музейде түрлі аудиторияны өнер, мәдениет және ғылыми зерттеулермен байланыстыратын бастамаларға жетекшілік етеді. Бұл жұмыс экспозицияларды түсіндіру, білім беру және көпшілікпен өзара байланыс орнату арқылы жүзеге асырылады. Оның қызметі білім алуға, мәдени алмасуға және қауымдастықтар арасындағы диалогқа ықпал ететін, баршаға қолжетімді әрі аудиторияның сұранысына бағдарланған тәжірибелерді қалыптастыруға бағытталған. Бұған дейін ол музейдің көпшілікке арналған бағдарламалар бөлімінің жетекшісі қызметін атқарып, жыл сайын өткізілетін 200-ден астам іс-шараны жоспарлау мен жүзеге асыруға басшылық еткен. Өнер саласында он жылдан астам тәжірибесі бар Николь Доуд суретшілер, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері мен көпшілік қауымның басын қосатын тың бағдарламалар мен серіктестік жобаларды әзірлеп келеді. Оның жұмысы мәдени мекемелердің адамдарды жақындастыратын, мәдени мұраны дәріптейтін және диалог орнатуға мүмкіндік беретін кеңістік ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған.
Тағыда
Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған скрипка және камералық музыка кеші
Концерт
24 қазан, 2026
18:00
.jpeg)
.jpeg)
Куратор көзқарасы: Лусия Агирре, Guggenheim Bilbao
21 қазан, 2026
19:00 - 20:30
.png)
.png)