«Сәттер үндестігі»

Концерт
2026 ж. 5 қараша
Art event in Almaty.
Almaty Museum of Arts-те Диана Махмуд (альт) пен Асене Овчинникова (скрипка) орындауындағы «Сәттер үндестігі» атты ішекті аспаптар дуэтінің концерті өтеді.
2026 ж. 7 қараша
Дата для разметки
Концертке халықаралық конкурстардың лауреаттары қатысады:
Диана Махмуд (альт) – философия докторы (PhD), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ішекті аспаптар кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Корольдік музыка академиясының (Лондон, Ұлыбритания) өнер магистрі.
Асене Овчинникова (скрипка) – Өзбекстан мемлекеттік консерваториясының ішекті аспаптар кафедрасының оқытушысы.
Алмагүл Қонысбаева (фортепиано) – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Міндетті фортепиано» пәнінің аға оқытушысы.
Концерт бағдарламасына әр дәуір мен түрлі ұлттың музыкалық дәстүрін танытатын композиторлардың шығармалары енген. Олар скрипка мен альттың камералық ансамбль құрамындағы сан алуан мүмкіндігін аша түседі. Моцарттың әсем классикалық әуезінен Рейнгольд Глиэрдің сырлы лирикасына, Гендель-Хальворсеннің виртуоз шеберлік пен драматизмге тұнық «Пассакалиясынан» Дмитрий Шостаковичтің тереңдігімен әсерлі туындыларына дейінгі әрбір шығарма өзіндік көркем әлемімен ерекшеленеді.
Концертті Дәулеткерейдің «Кероғлы» шығармасы түйіндейді. Бұл туындыда ұлттық музыкалық дәстүрлер скрипка, альт пен фортепианоның үндестігі арқылы жаңаша өріліп, тың сипатқа ие болады.
«Сәттер үндестігі» – түрлі стильдер, мінездер мен әуездер тоғысындағы музыкалық сапар. Скрипка мен альт үнінің бояуы нәзік сезім иірімдері, көркем контрастар мен жанға жақын сырлы үндестікке толы ерекше музыкалық әлем қалыптастырады.
Алдын ала тіркелу арқылы қатысу тегін.
Тағыда
Aşyq Şeberhana: Яеи Кусама
Арт белсенділік
7 Қараша, 2026
13:00-16:00 (кез келген уақытта)
.jpg)
.jpg)
Пішін сұлба қалыптастырады
Уоркшоп
14, 15, 21, 22 Қараша
16:00-17:30

