Дария Темірхан: Венадағы зерттеулер мен кездесулер
Кездесу қазақ тілінде өтеді.
Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.

2026 ж. 12 қараша
Art event in Almaty.
Суретші Дария Темірханның 2026 жылғы шілде-тамыз айларында MuseumsQuartier Wien кеңістігінде өткен екі айлық зерттеу резиденциясы хақында әңгіме-дүкен құратын кездесуге шақырамыз. Кеш барысында Дария Weltmuseum Wien мұрағатында жүргізген жұмысы жайлы, Венадағы музейлер мен көрме кеңістіктерінен алған тәжірибесі, сондай-ақ Орталық Азия өнер қауымдастығына арнап ұйымдастырған кездесуінің барысы жөнінде біраз сөз қозғайды. Сонымен қатар резиденция аясында бастаған су мен би тақырыбындағы зерттеу жұмысының қалай өрбігенін, оның артындағы ізденістер мен шығармашылық үдеріс жайын баян етеді.
2026 ж. 12 қараша
Дата для разметки
Осы тәжірибелерге сүйене отырып, Дария халықаралық резиденциялардың шығармашылық тәжірибе мен зерттеу жұмыстарына ұсынатын мүмкіндіктері туралы ой бөліседі.
Almaty Museum of Arts аталған резиденцияны Аустрияның Еуропа және халықаралық істер жөніндегі федерал министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Дария Темірхан – диджитал және физикалық коллаж, дыбыс өнері мен бейнеөнер бағыттарында жұмыс істейтін суретші. Өз шығармашылығында Дария су тақырыбына ерекше назар аударады. Ол судың қолжетімді болуы, оның тапшылығы, сондай-ақ саяси және экологиялық маңызы күнделікті өмірмен тығыз байланысты екенін Қазақстан азаматының көзқарасы тұрғысынан қарастырады. Суретші айналасында болып жатқан шынайы өмірді бақылап, таспалап отырады. Ол табиғи ресурстардың жеке тәжірибеге, ұжым жадына және адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні туралы ой қозғайды. Бұл идеялар оның жұмыстарында абстрактілі бейнелер мен мифтік жаратылыстар арқылы жеткізіледі.
Тағыда
Куратор көзқарасы: Суен Ли
Дәріс
10 Қараша, 2026
19:00–20:30


Билл Виола – видеоарттың атасы
Дәріс
21 Қараша, 2026
16:00 - 17:30

