top of page
KZ

Куратор көзқарасы: Суен Ли

Тарих жасау: MMCA және заманауи кәріс өнерінің қалыптасуы

Дәріс ағылшын тілінде өтеді. Билеттерді музейдің ресми сайтынан немесе кассадан сатып алуға болады.

19:00–20:30

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 10 қараша

Art event in Almaty.

Дәріс барысында Кореяның Ұлттық заманауи және қазіргі заманғы өнер музейінің (MMCA) тарихына қысқаша шолу жасалып, оның заманауи кәріс өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі қарастырылады. Дәрістің негізгі бастауы ретінде 1986 жылы Квачхон қаласында музей филиалының ашылуы саналады. Одан әрі музейдің көркемдік дискурсты қалыптастырудағы институционал рөлінің өзгеруі және заманауи кәріс өнерінің халықаралық деңгейде танылуына ықпал етуі сөз болады. Бұл үдерісте шығармашылық тәжірибесі мен халықаралық байланыстары елеулі рөл атқарған Нам Джун Пайктың өнеріне ерекше назар аударылады.

2026 ж. 10 қараша

Дата для разметки

Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Дәрістің қорытынды бөлімінде 2013 жылы Сеулде музей филиалы ашылғаннан кейінгі MMCA қызметінің өзгеруі қарастырылады. Негізгі көрмелер мен институционал бастамалар мысалында музейдің кәріс және халықаралық заманауи өнер кеңістігіндегі орнының қалай өзгергені көрсетіледі.


Суен Лидің аталған дәрісті Алматыға жасаған зерттеу сапары аясында оқымақ. Іс-шара Кореяның Ұлттық заманауи және қазіргі заманғы өнер музейі мен Almaty Museum of Arts арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық нәтижесінде ұйымдастырылып отыр.


Суен Ли (1979 жылы туған, Сеул қаласында тұрады және жұмыс істейді) – Кореяның Ұлттық заманауи және қазіргі заманғы өнер музейінің (MMCA) кураторы. Сеул ұлттық университетінде лингвистика мамандығы бойынша білім алып, осы университетте өнер тарихы бойынша өнер магистрі дәрежесін алған. Қазіргі уақытта Корнелл университетінің докторантурасында білімін шыңдап жүр.


Зерттеу жұмыстары Шығыс Азияның заманауи өнері аясында цифрлық және электрон медиа кеңістігінде қалыптасатын визуал тілдерді, әсіресе 1990-2000 жылдардағы әлеуметтік-саяси өзгерістермен сабақтастығын зерттеуге бағытталған. Ол суретшілердің шығармашылық қызметіне ықпал ететін әлеуметтік және тарихи жағдайларды, сондай-ақ жаһандану үдерісі жағдайында жаңа технологиялар мен медианың тың визуал тілдердің қалыптасуына қалай әсер ететінін зерделейді.

2008 жылы MMCA ұжымына қосылғаннан бері Суен Ли көптеген көрмелер мен жобалардың кураторы болды, олардың қатарында Out of the Silent Planet (2010), Public Project Cheonggye (2011), Art of Communication: Anri Sala, Yang Ah Ham, Philippe Parreno, Jorge Pardo (2011), Move (2012, Хейворд галереясы, Лондон), Project Hashtag (2021), Paik Nam June Effect (2022), Korea Artist Prize (2023), Lee Kang So: Where the Wind Meets the Water (2024) және Korean National Treasures: 2,000 Years of Art (2025, Смитсон институтының Ұлттық Азия өнері музейі және Чикаго өнер институты). 2026 жылы ол Лион биенналесі аясында өткен Jeune création internationale жобасына шақырылған куратор ретінде де қатысты.

​Тағыда

Билл Виола – видеоарттың атасы

Дәріс

21 Қараша, 2026
16:00 - 17:30

ALMA-SEO-banner.png

Билл Виола жайлы «Жүрек көзі» аталатын деректі фильм

Фильм көрсетілімі

14 Қараша, 2026
16:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page