Art event in Almaty.
«Тұрған жері тарлық ететін мүсінше қандай болмақ?»
2026 ж. 24 қазан
Дата для разметки
26 қазан, 11:00-16:00
Şeberhana-да
Уоркшоп
Текстиль панно жасауға баулитын шеберлік сабағы – «Тұрған жері тарлық ететін мүсінше қандай болмақ?»
«Мүсіндер» көрмесінде Жанель Шаханның «Тар» атты мүсіні ұсынылған. Осы орайда суретшімен бірге текстиль панно жасауға баулитын шеберлік сабағына шақырамыз.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар белгілі бір текстильден тұрған жері тарлық етіп, сыймай бара жатқан жұмсақ мүсінше жасайды. Ол біртіндеп жиырыла бастайды, иіледі, бұралады, бүгілгенде бір жері бір жеріне тиіп қысылады да белгіленген шекарадан шығуға ұмтылады.
Нәтижесінде әр қатысушының қолында шағын текстиль рельефі, яғни, өзі жасап алған жұмсақ мүсінше қалады.
- Барлық қажетті материалдар ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылады. Бұл салада тәжірибе болуы міндетті емес, жаңадан бастап жатқандарға да құшағымыз ашық.
- 12 жастан асқан адамдарды күтеміз!
- Орын саны шектеулі.
- Барлық билеттерге мұражайға кіру билетінің құны қосылған.
ҮСТІНДЕГІ батырманы басып, екі уақыт слотының бірінен орын алыңыз.
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


