top of page
KZ

Бильяна Циричпен трансұлттық кураторлық саласындағы «walking-with» методологиясы

​

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 6 наурыз

Билет алу

Art event in Almaty.

Куратор Бильяна Цирич өзінің «Жол жүре келе... Аяқ астындағы соқпақтар жаңа болашаққа жетелейді» (2019–2022) атты ұзақ мерзімді зерттеу жобасының жұмыс әдістемесін бөліседі. Бұл зерттеу Орталық Азия, Қытай, Балқан түбегі және Шығыс Африкадағы серіктес «ұяшықтармен» бірлесіп дайындалған.

2026 ж. 24 қазан

Дата для разметки

Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Куратор Бильяна Цирич Орталық Азия, Қытай, Балқан түбегі және Шығыс Африкадағы серіктес «ұяшықтармен» бірлесіп дайындалған «Жол жүре келе... аяқ астындағы соқпақтар жаңа болашаққа жетелейді» (2019–2022) атты ұзақ мерзімді зерттеу жобасының жұмыс әдістемесін бөліседі. Жоба Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» (BRI) бастамасының геосаяси негіздеріне жауап ретінде басталып, кейіннен тәуелсіз практиктерді, шағын ұйымдарды, сондай-ақ ірі мемлекеттік және жекеменшік мұражайларды біріктіретін трансұлттық желіге айналды.

«Бір белдеу, бір жол» бастамасына сырттай бақылау жасаудың орнына, жоба аясында тұрақты кездесулер, қарқынды воркшоптар мен семинарлар өткізу арқылы контекстпен және бір-бірімен «бірге жүру» (walking-with) тәжірибесі қолданылды. Қатысушылар Қытай туралы немесе бір-бірі туралы жай ғана айтып қоймай, олармен «жақын қашықтықта» тілдесуді үйренді. Сонымен қатар ресурстары әртүрлі серіктестер арасындағы трансұлттық зерттеу барысында жұмыстың этикалық және экономикалық тұрғыдан тұрақты үлгілерін іздестірді.

Цирич бұл ұзақ мерзімді зерттеу әдістемесінің бірқатар маңызды мәселелерге қалай жол ашқанын талқылайды. Олардың қатарында: шет аймақ пен орталық арасындағы қайшылықтар, жабықтық пен айқындық тепе-теңдігі, елеусіз қалып қойған кураторлық және көркемдік қимылдар, сәтсіздікті оқу процесі ретінде қабылдау, білім өндіру шарты ретіндегі жақындық, сондай-ақ бұл білімнің жергілікті және жаһандық деңгейде қалай таралатыны туралы сөз болады.

Шараға куратор, Artcom платформасының негізін қалаушы және аталмыш зерттеу жобасының қатысушысы Әйгерім Қапар қатысады.


Өмірбаян

Бильяна Цирич – тәуелсіз куратор. Ол вьетнамдық өнер пионері, суретші, куратор әрі белсенді Тран Луонгтың «Tam Ta- Soaked in the Long Rain» атты ретроспективті көрмесінің кураторы және бастамашысы (Art Jameel, Govett-Brewster Art Gallery | Len Lye Centre және Батыс Австралия өнер галереясымен бірлесіп ұйымдастырылған, 2024–2027 жылдар аралығындағы тур). 2025 жылы ол Шанхайдағы ASE қоры ұсынған «Artists Books as Medium in China» (Қытайдағы медиум ретіндегі суретшілер кітабы) көрмесі мен зерттеуінің кураторы болды. Цирич 2022 жылы 59-шы Венеция биенналесінде Владимир Николичтің «Сумен бірге жүру» (Walking with Water) атты жеке көрмесін ұсынған Сербия Республикасы павильонының кураторы. Ол 3-ші Орал индустриалды заманауи өнер биенналесінің ко-кураторы (Екатеринбург, 2015), Kadist өнер қорының резидент-кураторы (Париж, 2015) және Henie Onstad Kunstsenter зерттеушісі (Ховикодден, 2016) болған.

2013 жылы Цирич Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған «Көрмелер тарихынан көрме жасау болашағына қарай» (From a History of Exhibitions Towards a Future of Exhibition Making) атты семинар платформасының негізін қалады. Бұл ассамблея платформасы Жаңа Зеландиядағы St Paul St галереясында (2013), Шанхайдағы Rockbund өнер мұражайында (2018) және Гуанжоудағы Times мұражайында (2019) өткізілді. Осы аттас кітап 2019 жылы Sternberg Press баспасынан шығып, 2020 жылы Қытайдағы ең үздік өнер басылымы марапатына ие болды. Оның Шанхайдағы суретшілер ұйымдастырған көрмелер туралы зерттеулері «History in Making; Shanghai: 1979-2006» (CFCCA баспасы) және Никита Инцянь Цаймен бірлесіп редакторлық еткен «Life and Deaths of Institutional Critique» (Black Dog Publishing баспасы) сияқты кітаптарда жарық көрген. 2018 жылы ол «What Could/Should Curating Do?» (Кураторлық не істей алады/істеуі керек?) атты білім беру платформасын құрды. Мельбурндегі Монаш университетінің кураторлық практика бойынша PhD докторы дәрежесіне ие.

​Тағыда

…

…

…

ALMA-SEO-banner.png

…

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

…

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png

…

01 Jul 2024

01 Jul 2024

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page