
Алматыдағы өнер оқиғалары
Almaty Museum of Arts-та Алматыдағы алдағы өнер оқиғаларын зерттеңіз. Дәрістерді, воркшоптарды және мәдени бағдарламаларды қарап, сапарыңызды жоспарлаңыз. Барлық көрмелерді қараңыз.

…
ALMA Makes: Animation Lab

Нұргүл Нүсіпжанова
The Quietude of Autumn

…
Музей инсайттары: Николь Доуд
31 қазан, 2026
15:00 – 16:30
Смитсон институтының Азия өнері ұлттық музейіндегі экспозицияларды түсіндіру, білім беру және көпшілікке арналған бағдарламалар бағыты бойынша директордың орынбасары Николь Доуд музейлердің мәдени мұраны дәріптеу, қауымдастықтармен серіктестік орнату және мазмұнды диалог өрбіту арқылы адамдар арасында қалай нығыз байланыс орнататыны хақында баяндайды. Көпшілікке арналған бағдарламалар, мәдени мұра фестивальдері, білім беру бастамалары мен экспозицияларды түсіндірудің жаңа тәсілдерінен алынған мысалдар негізінде баяндамада музейдің мәдени мұра қауымдастықтарымен, суретшілермен, мәдениет қайраткерлерімен және жергілікті ұйымдармен ынтымақтастығы сөз болады. Бұл ынтымақтастық ортақ білім мен тәжірибеге негізделген, қоғамның сұранысына сай әрі баршаға қолжетімді мәдени іс-шаралар мен мазмұнды тәжірибелерді қалыптастыруға бағытталған.