Art event in Almaty.
Бұл дәрісте 1930-жылдары Кеңес өкіметі қазақ далас ында құрған Карлаг мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерінде қамауда болған бірнеше суретшінің пейзаждары сөз болады
Батыс өнерінде пейзаж көбіне адамның табиғатқа үстемдік жүргізуінің көрінісі ретінде қабылданады. Онда адам табиғаттың бір бөлшегі емес, оған сырттай бақылау жасап, билік жүргізетін тұлға ретінде бейнеленеді. Ал еркіндігінен айырылған адамның көзімен қарағанда пейзаж қандай болады? Бұл дәрісте 1930-жылдары Кеңес өкіметі қазақ даласында құрған Карлаг мәжбүрлі еңбекпен түзеу лагерінде қамауда болған бірнеше суретшінің пейзаждары сөз болады. Олардың шығармалары еңбек адамын да, даланың құнарлы топырағын да дәріптеген социалистік реализмнің ресми бейнелеу тәсіліне өзіндік қарсы көзқарас ұсынады. Алайда дәріс бұл туындыларды кеңестік кезеңнің тарихы ретінде ғана қарастырмайды. Сонымен қатар пейзаж жанрының табиғатына үңіліп, оның бақылау мен билікке негізделген ұстанымдарын, назардан тыс қалатын тұстарын және зорлық-зомбылықты көзге көрінбейтін елеусіз құбылысқа айналдырып жібере алатындай құдіретін талдайды.
Био: Кристианна Бонин – АҚШ-тың Теннесси университетінің (Чаттануга) өнер тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ол Ресей империясы мен Кеңес дәуіріндегі Ресей, Орталық Азия және Моңғолиядағы өнер институттарын, өнер білімін және қоршаған ортадағы өзгерістерді зерттейді. Кристианна Fulbright бағдарламасының, Кларк өнер институтының және Ислам сәулет өнеріне арналған Aga Khan бағдарламасының ғылыми стипендияларын иеленген. Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы жерді пайдалану тәжірибесі мен оның өнердегі бейнеленуінің елдің бүгінгі экологиялық және мәдени болмысына ықпалын зерттейтін «Модерн кеңістіктер: Қазақстандағы өнер, жер және империя» (Terrains of Modernity: Art, Land, and Empire in Kazakhstan) атты кітаппен жұмыс істеп жатыр. Ол «Кеңестік Қазақстандағы алпысыншы жылдар буыны суретшілерінің өнері немесе бассүйектен портретті қалай жасауға болады» (The Art of the Sixtiers in Soviet Kazakhstan, or How to Make a Portrait from a Skull, Central Asian Survey, 2021) мақаласының авторы және «Кеңестік материалдық әлем: социалистік дүниелер, орта және аффектілер» (Soviet Materialities: Socialist Things, Environments and Affects, Manchester University Press, 2026) жинағының тең редакторы. Бұған дейін Artforum журналының тұрақты авторларының бірі болды, қазір ARTMargins Online редакциялық кеңесінің мүшесі. Кристианна Бонин Массачусетс технологиялық институтында (MIT) өнер тарихы мен теориясы бойынша PhD дәрежесін қорғаған.
Сурет астындағы жазу: Ирина Борхман. Суреттің арғы жағында: «Мен осы үйде жұмыс істеймін. Оның ар жағында клуб тұр. Қазір қар бұрынғыдан қалың, таулар үй шатырларынан да биік. 3 IV 49» - деген жазу бар. Дереккөз: museum.memo.ru
Тағыда
…
…
…


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


…
01 Jul 2024
01 Jul 2024


