top of page

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі

Untitled.png

2026 ж. 29 шілде

Билет алу

Art event in Almaty.

«Қазақфильммен» бірлескен мультипликациялық фильмдер көрсетілімі
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Анимациялық фильмдерге қарап, ата-бабаларымыздың арман-аңсарын болжай аламыз ба? Миф - динамикалы құбылыс, яғни мифтік бейнелер мен сюжеттер лайым өзгеріп, өңін айналдырып отырады. Ұлттық сананың ұмытылған қатпарларындағы киелі мән-мағына сұлбасы экранда қалай көрініс табады? Ең жиі кездесетін сюжеттердің астарында қандай сыр бар? Олардың түпкі мағынасы қандай еді? Кинотанушы Әсия Бағдәулетқызымен бірге қазақ анимациясындағы ұлттық мифологияның көрінісі мен мифтік бейнелердің Серікбол Қондыбай, Зира Наурызбай, Едіге Тұрсынов еңбектеріндегі интерпретациясын талқылауға келіңіздер.



Фильмдер:

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967) — 10 мин, реж. Әмен Қайдаров


«Ақ қаз» (2010) — 10 мин, реж. Тұрдыбек Майдан


«Алтын сақа» (2012) — 11 мин, реж. Қайырғали Қасымов


«Суын» (2022) — 8 мин, реж. Абдолла Шахайдаров


«Өсиет» (2022) — 7 мин, реж. Ербол Бораншы, Талас Оразбай


«Су перісі» (2025) — 6 мин, реж. Рената Мирғалиева, Линара Мирғалиева




«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (1967), реж. Әмен Қайдаров
Қазақ анимациясының алғашқы қарлығашы, бұл фильм қазақ халық аңызына негізделіп, ізгілік пен зұлымдық арасындағы мифологиялық тартысты көрсетеді. Қарлығаш мұнда адамзатқа қамқор киелі бейне болса, сәби — өмірдің жалғасы, ал ана мен аналық сезім — дүниені құтқарушы негізгі күш. Мұндағы қауіп-қатердің символына айналған айдаһардың арғықазақ танымындағы мағынасы да талдап-талқылауға лайық.



«Ақ қаз» (2010), реж. Тұрдыбек Майдан
Бұл фильмде қаз, жылан, су, айдаһар және сәукеле бейнелері арқылы арғықазақ мифологиясындағы әйелдік бастау мен қалыңдыққа қол жеткізу мотиві ашылады. Әйелдік бастау бейнелері ақ қаз  —  бірде құс, бірде қыз, бірде жылан кейпіне еніп, су мен аспанды біріктірген тылсым күш ретінде сипатталса, айдаһар зұлымдық бейнесінде, ал аңшы, күн, семсер мен от еркектік бастаудың белгісі ретінде ұсынылған. Серікбол Қондыбай талдауларындағы бұл бейнелердің символдық байланыстары, яғни фильмнің көне мифтік түсініктерді кейінгі батырлық-патриархалдық сюжетпен қалай ұштастырғаны талқылауға тұрарлық.



«Алтын сақа» (2012), реж. Қайырғали Қасымов
«Алтын сақа» ертегісіне негізделген фильмдегі бас кейіпкердің жалмауыз кемпірмен кездесуі және одан құтылуы архаикалық сюжеттердегі тылсым күштермен арпалысу, өмір мен өлім арасындағы шекарадан өтіп, есею, рух шыңдау мотивтерімен байланысты. Фильмдегі су бетінде өкпеге айналып қалқып жүретін жалмауыз, жылқылар мен олардың функциясы сияқты детальдар арғықазақ танымындағы бар мен жоқ, өмір мен өлім арасын байланыстырушы бейнелер.



«Суын» (2022), реж. Абдолла Шахайдаров

Бұл фильмде өсімдіктер мен жануарлар, аспан мен теңіз, адам мен табиғатты біріктіретін арғықазақтың біртұтас космологиялық жүйесі сипатталады. Суындар — адамзатқа бақ-береке әкелетін суасты жылқылары. Оларды Каспий теңізінің жағалауына қайтарғысы келетін Елтай батырдың аналық күштердің көмегімен мақсатына беттеген сапарында арғықазақ мифологиясының көптеген қатпарлары жасырулы.



«Өсиет» (2022), реж. Ербол Бораншы, Талас Оразбай

Оқиғасы аяқталмаған бұл фильм мифтік таным мен патриоттық месседжді үйлестіре алған. Балапанды жыланнан құтқарып, жерасты патшасымен шайқасатын батыр мотиві көне мифтік-фольклорлық сюжеттерді біріктіреді.



«Су перісі» (2025), реж. Рената Мирғалиева, Линара Мирғалиева
Бұл фильмде су перісі бейнесі көне мифологиялық құрылымды экологиялық мазмұнмен қайта жаңғыртады. Фильмдегі су — жанды, киелі, ерікті күш, су перісі — оның қорғаушысы. Қысқаметражды туындыны мифология және экологиялық сана мен адамзаттың табиғат алдындағы жауапкершілігін тоғыстырған экоанимация ретінде сипаттауға болады.



Іс-шараға музей билетімен кіру тегін.

Тағыда

Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы

31 шілде, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png

«Өнер әуендері» жобасы аясындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы жас музыканттарының концерті

Концерт

25 шілде, 2026
16:30

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page