top of page

Кулапат Янтрасат: өнер атаулы үшін тұрғызылатын архитектура жайында

Untitled.png

Дәріс

2026 ж. 3 шілде

Art event in Almaty.

Сіздерді WHY архитектуралық бюросының негізін қалаушы әрі креатив директоры Кулапат Янтрасат оқитын дәріске шақырамыз. Дәріс оның кәсіби тәжірибесі төңірегінде болады, әсіресе музейлер мен өнер орталықтарын сынды заманауи өнерге арналған кеңістіктерге ерекше назар аударады
Тіркелу
Бағдарлама және тіркеу

Сіздерді WHY архитектуралық бюросының негізін қалаушы әрі креатив директоры Кулапат Янтрасат оқитын дәріске шақырамыз. Дәріс оның кәсіби тәжірибесі төңірегінде болады, әсіресе музейлер мен өнер орталықтарын сынды заманауи өнерге арналған кеңістіктерге ерекше назар аударады.



Кулапат Янтрасат – жобалауға пәнаралық тәсілдерді қолдануымен танылған әлемдегі жетекші сәулетшілердің бірі. Оның айтарлықтай ауқымды шығармашылық жолында Нью Йорктегі Метрополитен музейі, Париждегі Лувр музейі және Christie’s бәссауда үйіне арнап жүзеге асырылған жобалар бар.



Сәулетшінің соңғы еңбектерінің қатарында Эр Риядтағы алапат ILMI Ғылыми жаңалықтар мен инновациялар орталығы, сондай-ақ Лос Анджелестегі Киноакадемия музейі бар. Жақында ол 2027 жылға жоспарланған Бұхара биенналесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды. Бұған қоса, Кулапат Янтрасаст “Пәнаралық автор” аталымы бойынша Art Basel 2026 медалімен марапатталған.



Кездесу барысында Кулапат Янтрасат WHY бюросының өнер атаулы үшін тұрғызылатын мәдени ортамен үндес әрі экологиялық тұрақты кеңістіктер құрылысындағы ұстанымдары туралы әңгімелейді. Дәрісте студияның соңғы музей жобаларына, әсіресе Лос-Анджелес қаласында жүзеге асқан Билл Виоланың өмірі мен шығармашылығымен тығыз байланысты жобаларға ерекше назар аударылады. Спикер музей архитектурасының видеоарт пен медиаөнерге арналған терең иммерсив орталар қалыптастырудағы рөліне тоқталып, көрерменнің өнер туындысын қабылдауына ықпал ете отырып, сол тәжірибені көркемдей алатынын жөнінде сөз қозғайды.



Кездесу ағылшын тілінде өтеді, қазақ және орыс тілдеріне синхрон аударма жасалады.



Қысқаша өмірбаяны


Кулапат Янтрасат – Тайланд үкіметінің беделді Silpathorn сыйлығына ие болған тұңғыш сәулетші. Ол сондай-ақ өнерді қоғам боп қолдау бағытында белсенді жұмыс істеп, Americans for the Arts ұйымының Суретшілер комитетінің мүшесі ретінде қызмет атқарады.



Бангкок қаласында дүниеге келген Янтрасат Токио университетінде архитектор мамандығы бойынша магистр және доктор дәрежелерін алған. Сегіз жыл бойы ол Притцкер сыйлығының лауреаты Тадао Андомен бірге АҚШ пен Еуропадағы маңызды мәдени нысандардың жобаларына қатысқан, олардың қатарында Форт Уэрт заманауи өнер музейі де бар.



Содан бері Янтрасат пен оның WHY бюросы әлемнің жетекші мәдени мекемелерге арнап дәстүрлі жанрлық шекаралардан шығатын бірегей кеңістіктерді жобалап келеді. Сәулетші өз тәжірибесінде гастрономия, экология және қоғамның құрылымына деген қызығушылықтан шабыттанады. Кулапат Янтрасат сәулет өнеріне қатысты осындай көпқырлы көзқарас ұстану нәтижесінде мәдениеттер, идеялар мен адамдар арасында байланыс орната біледі. Бұл ұстаным оның әрбір жобасының философиялық негізіне айналған.

Тағыда

Даланың үнсіз айқайы: Карлаг пейзаждары

14 шілде, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png

Нұргүл Нүсіпжанованың камералық аудиторияға арналған жеке бағдарламасы

31 шілде, 2026
19:00

ALMA-SEO-banner.png
bottom of page