top of page

Танымдық дәріс: Яеи Кусама және оның шексіздік өнері (орыс тілінде)

Дәріс

Untitled.png

Дәріс

2025 ж. 12 желтоқсан

Өнертанушы, Юлия Сорокинаның (PhD) дәрісіне шақырамыз. Дәріс заманауи өнердің ең ықпалды тұлғаларының бірі - Яеи Кусамаға арналады. Кусаманың басты тақырыптары мен ой пікірін талдап, оның әйгілі «шексіздік бөлмелері» жайлы сөз қозғаймыз. Сол бөлмелердің бірі музей коллекциясында ұсынылған. Дәріс орыс тілінде өтеді.
Untitled-13.jpg
Discover more
as a member
Join today

Almaty Museum of Arts біздің топтамамызда туындылары ұсынылған суретшілерге арналған дәрістер сериясын одан әрі жалғастырады. Келесі дәрісіміз шығармашылығында кескіндеме, инсталляция, перформанс және әдебиетті шебер тоғыстыра білетін қазіргі заманның ең танымал суретшілерінің бірі Яёи Кусамаға арналады.

Кусаманың еркіндік іздеу мен қалыптасқан көзқарастарқа сыни қарау жолындай болған шығармашылық мансабы Жапонияда басталып, 1960-жылдардағы дәурені дүркіреп тұрған Нью-Йоркте жалғасты. Әрі әйел әрі мигрант ретінде ол өнер кеңістігінде мойындалу үшін өз үнін өшіруге жол бермей, күрделі сынақтардан өтті.

Өз бағытын суретші «қайтпас құмарлық өнері» деп сипаттайды. Оның туындыларында жиі көрініс табатын атақты бұршақ бейнелері, шексіз торлар мен ырғақты өрнектер бала кездегі күйзелістерінен туындап, алаңдаушылық, аурушаңдық және шексіздікте еріп жоғалуға деген ұмтылысын бейнелеудің тәсіліне айналды.

Оның шығармашылығында «Шексіздік бөлмелері» циклінің орны ерекше. Екінші қабатта орналасқан «Махаббат шақырады» атты инсталляция көрерменді жарық, шағыныс және шексіз қозғалысқа толы кеңістікке жетелейді. Кусаманың жапон тілінде махаббат туралы өлең оқыған даусы инсталляцияға енген адамға бір оқшаулық сезімін беруімен қатар, толықтай тереңіне бойлануына ықпал етеді.

Сіздерді «Яёи Кусама және шексіздік өнері» атты дәрісімізге шақырамыз. Бұл кездесуде суретшінің шығармашылық жолын бірге зерттеп, шексіздік идеясының қалай заманауи өнердің ең танымал бейнелеу тәсілдерінің біріне айналғанын талқылаймыз.

bottom of page